Семей футзалдан Чемпиондар Лигасында Халадашты ойсырата жеңіп, элиталық кезеңіне шықты
Футзалдан “Семей” клубы мажарстандық “Халадашты” ірі есеппен жеңіп, УЕФА Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңіне соңғы жолдаманы жеңіп алды.
Негізгі кезеңнің 4-топтағы матчы Алматыдағы “Балуан Шолақ” спорт кешенінің алаңында өтіп, 6:1 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды. Ойындағы есепті бірінші таймның екінші минутында “Семейдің” шабуылшысы Феррао ашты. Тайм ортасына қарай Андерсон Патрочиньо Алвес пен Шыңғыс Есенаманов есепті 3:0-ге жеткізді. “Халадаштың” шабуылшысы Георги Шипош бір гол соғып, айырмашылықты қысқартты.
Екінші таймда тек қазақстандық футзалшылар гол соғып, Кайо Торрес, Родригиньо және қайтадан Феррао мергендігімен көзге түсті. Осылайша, бұл жеңіс семейліктерге элиталық кезеңге жолдама берді.
Бүгін осы топта тағы бір матч өтеді: алматылық “Қайрат” португалиялық “Спортингпен” топ жеңімпазын анықтау үшін кездеседі. Айта кетейік, екі команда да Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне шығуын алдын ала қамтамасыз еткен.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20