locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Семей» «Қайраттың» жеңілісінен кейін шалынды. Футзалдан Қазақстан чемпионатының 37-турының қорытындысы

«Семей» «Қайраттың» жеңілісінен кейін шалынды. Футзалдан Қазақстан чемпионатының 37-турының қорытындысы
ФОТО: ФК Семей

26 сәуірде футзалдан Қазақстан чемпионатының 37-турының төрт ойыны өтті.

«Ақтөбе» фаворит ретінде «Тұлпарды» сенімді түрде ұтты. «Қызыл-ақтар» қарағандылықтардың қақпасына бес гол соқты.

Күннің негізгі ойынында «Семей» «Атыраумен» 2:2 есебімен тең түсті. Екі команда арасындағы ойын тек осы кездесудің нәтижесін ғана емес, кестенің басындағы жағдайды да шешті. Екінші матчта жеңіске жеткен жағдайда «Семей» тікелей бәсекелесі «Қайратпен» ұпайы бойынша теңессе, «Атырау» жеңіске жеткен жаңдайда, мұнайшылар «Аятты» қуып жетеді. Бұған дейін «Қайрат» пен «Аят» бетпе-бет ойындарда бір-бірден жеңіске жеткен болатын.

«Жетісу» бірінші таймда «Каспий» қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, екінші таймда командалар үш гол алмасты.

«Бәйтерек» «Ордабасымен» өткен ойында есеп ашқанымен, шымкенттіктер жиналып, жеңіске жете алды.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты. 37-тур. 26 сәуір

«Ақтөбе» - «Тұлпар» - 5:1

Голдар: Камалов, Иманалин, Биэл, Филипиньо, Бока - Малибеков.

«Атырау» - «Семей» - 2:2

Голдар: Алиссон, Габриэль - Кандидо (дубль).

«Жетісу» - «Каспий» - 7:3

Голдар: Токаев, Саматулы, Аллеф, Келсон, Бактияров, Досов, Сейтнур - Эвертон, Риси (дубль).

«Бәйтерек» - «Ордабасы» - 2:5

Голдар: Мадияров, Булатов - Фалькао, Розенски, Умирбаев, Кабылбаев, Вителла.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie