Ровшан Гусейнли: Астана басшылығы бізге басты мақсатты қойды - плей-оффқа жолдама алу”


Елордалық "Астананың" қақпашысы Ровшан Гусейнли команданың әлеуеті мен алдына қойылған мақсаттары жайлы пікірмен бөлісті.
"Команданың соңғы 3-4 жылдағы нәтижелері көңілден шықпайды. Осы себептермен басшылық басты мақсат ретінде плей-оффқа жолдама алуды қойды. "Астана" қайта құрылуда. Бұрынғы құрамнан бірде-бір ойыншы қалмады. Команданың өзгеру процесстері әлі жалғасуда. Мини-футболда жас, дарынды ойыншылар бар. Біздің құрама үшін ойнаған Хади Ахмади "Астанада" ойнап жүр. Басқа да тәжірибелі футзалисттер келіп қалуы мүмкін. Маусымның басынан гөрі, біздің соңғы төрт турдағы көрсеткішіміз өте жақсы", - деп келтіреді idman.biz Гусейнлидің сөздерін.
Айта кетсек, Қазақстан чемпионатының 2024/25 10 матчына кейін "Астана" турнирлік кестеде 11 ұпаймен тоғызыншы орында.

Хоккей
Бүгін 13:40