locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

“Риза боламын”: Жаңа Зеландияның бапкері Қазақстанмен болатын матчта оны қуанта алатын жайтты айтты

ФОТО: oceaniafootball
“Риза боламын”: Жаңа Зеландияның бапкері Қазақстанмен болатын матчта оны қуанта алатын жайтты айтты

Жаңа Зеландия құрамасының футзалдан бас бапкері Марвин Тесореро Қазақстан құрамасымен болатын кездесуге қатысты өз ойларымен бөлісті. Олардың ойыны 2024 жылы Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионаты аясында өтеді.

“Өзбекстанға аттанар кезде, біз бірде-бір гол соға алмайтынымызды айтқанбыз. Алайда, біз Ливияға да, Испанияға да гол соға алдық. Егер үшінші матчта Қазақстан сияқты мықты құраманың қақпасына гол соғатын болсақ, мен риза боламын едім”,-деді Тесореро Meta-ratings.kz спорт-порталына берген берген сұхбатында.

Жаңа Зеландия мен Қазақстан құрамалары 21 қыркүйекте Ташкентте футзалдан Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші тур аясында кездеседі.

Қазіргі уақытта D тобының жағдайы бойынша Қазақстан 4 ұпаймен екінші орында тұр. Испанияның да 4 ұпайы бар. Ливия 3 ұпай жинап, үшінші орында, ал Жаңа Зеландия 0 ұпаймен соңғы орында тұр.

Бұған дейін Жаңа Зеландия Ливиядан (1:3) және Испаниядан (1:7) жеңіліп қалды. Ал Қазақстан құрамасы Испаниямен тең ойнап (1:1), Ливияны сенімді түрде жеңді (4:1).

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie