Рикардо Кака Эдсонның ұлттық құрамадағы болашағы жайлы айтты
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака, “Қайрат” командасының капитаны Эдсонның ұлттық құрамадағы болашағы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz
ФИФА ережелеріне сәйкес Қазақстан азаматтығын алған Эдсон жақында Өзбекстанда өткен Әлем Чемпионатына қатыспаған еді. Оған қоса ұлттық құрамадағы осы мәселеге байланысты шабуылдағы басты күштеріміздің бірі Тайнан да бара алмаған болатын. Бұл жайлы өз пікірін Рикардо Кака білдірді.
“Оның ойыны мені қуантады, бірақ бұл оның бар мүмкіндігі емес екенін білемін. Алты айдан кейін ол Қазақстан құрамасына оралады ма? Қазақстан азаматтығы бар және ұлттық құрама деңгейінде ойнай алатын кез келген ойыншыға біз міндетті түрде мүмкіндік береміз. Егер сол уақытта Эдсон барлық талаптарға сай болса, ол құрамада ойнайды”, - деді Кака.
Эдсон қазіргі уақытта “Кайрат” командасының ойыншысы болып табылады. Жақында өткен Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі “Семейге” қарсы матчта алматылық клубтың көшбасшыларының бірі ойынның ең “Үздік ойыншысы” деп танылды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52