Рикардо Кака "Достық" орденімен марапатталды
Футзал
24 қаз 2024 06:44
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: Meta-ratings.kz
25 Қазан – Республика күні қарсаңында Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака екінші дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды. Еліміздегі спортты дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрметті атақ берілді. Марапатты бас бапкерге ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ¼ финалға жетіп, турнирдің финалистері Аргентинадан 1:6 есебімен жеңіліп қалды.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52