locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Португалия ойыншысы Брито Игитаның керемет ойыны жайлы өз ойымен бөлісті

Португалия ойыншысы Брито Игитаның керемет ойыны жайлы өз ойымен бөлісті

Португалия құрамасының шабуылшысы Тиаго Брито Meta-ratings.kz-ке берген сұхбатында Қазақстан құрамасының қақпашысы Лео Игита жайлы пікірімен бөлісті.

"Біз оның шабуылдарға қосылып, гол соғуға тырысатынын білдік. Бұл тұрғыда біз онымен жақсы күрестік – оған гол соғуға мүмкіндік бермей, барлық соққыларын бұғаттадық. Дегенмен, ол қақпада маңызды рөл атқарды, бірнеше шешуші сейвтер жасады. Матчтың басында біз бірінші болып гол соғуға жақын болдық, бірақ Игита Томас Пасоның соққысын қайтарды. Бірнеше рет ол допты бұрыштан саусақтарының ұшымен қағып жіберді. Тіпті екінші голды жіберіп алғаннан кейін біз есепті теңестіре алатын едік, бірақ Игита тағы да өз командасын құтқарып қалды", – деді Брито.

Еске сала кетейік, ширек финалда Қазақстан Аргентинамен кездеседі. Жартылай финалға шығу үшін өос команда Ташкентте, 30 қыркүйек, дүйсенбі күні күреседі. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады.