Пьер Гасли Йос Ферстаппеннің қатаң тәрбиелеу әдістерін ашып берді
Alpine командасының шабандозы Пьер Гасли Макс Ферстаппеннің әкесі Йос Ферстаппеннің тәрбиелеу әдістері туралы әңгімесімен бөлісті.
"Мен Испанияда жарыста жеңіске жеттім, ал Макс екінші орын алды. Біз оралған кезде, оның әкесі қатты ашуланып, алдымен нидерланд тілінде айқайлай бастады, содан кейін Максты ағылшын тілінде қорлай бастады. Мен бұл сөздерді камера алдында қайталамаймын, олар өте жағымсыз сөздер болды.
Ол Макстың шлемін алып, оған айқайлап: “Жоқ, кет! Өз шатырына қайт! Сен тіпті жарыста жеңіске жете алмайсың!” деп шлемді Максқа лақтырып жіберді.
Осы сәттен-ақ Макс жарыс сайын қандай үлкен қысым көретіні анық болды",-дейді Гасли.
Йос Ферстаппен – бұрынғы Формула-1 шабандозы және Макс Ферстаппеннің әкесі, қазіргі уақытта ұлының командасында жұмыс істейді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52