locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ордабасы футзал клубы жаңа бапкер тағайындады

Ордабасы футзал клубы жаңа бапкер тағайындады

Шымкенттік Ордабасы футзал клубы Жозе Алесио да Силваны бас бапкер қылып тағайындады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін 55 жастағы Алесио Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық Қайрат клубын жаттықтырған.

Сондай-ақ Ордабасы жаңа қақпашылардың бапкерін де тағайындады. Ол қызметке тағы бір бразилиялық маман Жордан да Силва келді.