locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Ордабасы футзал клубы үш ойыншымен толықты

Фото: KazFootball.kz

Шымкентік "Ордабасы" футзал клубы үш ойыншымен күшейді түсті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, шымкенттіктер универсал Нұрсұлтан Пиялы, Нұрхан Байзақов және Нұрбек Қабылбаевпен күшейді. Пиялы мен Байзақов бұған дейін Талдықорғанның "Жетісу" сапында, ал Қабылбаев елордалық "Астана" сапында өнер көрсеткен.

Пиялы "Жетісу" сапында 32 матч өткізіп, 13 гол соқты, Байзақов та талдықорғандық клубта 35 матчта бес гол соқты. Қабылбаев "Астана" жейдесінде 27 матч өткізіп, алты гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Футзалдан Қазақстан чемпионатындағы жаңа маусым 12 қазанда басталады. "Ордабасы" алғашқы турда "Атырауға" қонаққа барады.