locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қола үшін тартысты ойын: «Ақтөбе» мен «Атырау» Қазақстан чемпионатында үшінші орын үшін алғашқы матчын өткізді

Қола үшін тартысты ойын: «Ақтөбе» мен «Атырау» Қазақстан чемпионатында үшінші орын үшін алғашқы матчын өткізді
ФОТО: МФК Ақтөбе

23 маусымда футзалдан Қазақстан чемпионатында үшінші орын үшін серияның бірінші ойыны «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары арасында өтті.

Ойын «қызыл-ақтардың» алаңында өте тартысты өтті. Кездесуде бірінші болып қонақтар есеп ашқанымен, бірінші таймның соңына қарай ақтөбеліктер есепті теңестіріп, алға шықты. Ал екінші таймда командалар екі гол алмасты.

Осылайша «Ақтөбе» өз алаңындағы алғашқы кездесуін ұтты. Атыраудағы қарымта кездесу 27 маусымда өтіп, қоланы сериядағы екі кездесуде де жеңіске жеткен клуб еншіленеді.

«Семей» мен «Қайрат» арасындағы финал да алаң иелерінің 1:0 есебімен минималды басымдықпен жеңісімен аяқталды.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты. Үшінші орын үшін матч. 23 маусым

Голдар: Ақбалықов, 10, Құлбаев, 13, Қарағұлов, 25, Нулет, 29 – Бисембайұлы, 8, 28, Алиссон, 39.

Серияның есебі – 1:0

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie