locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

МЕНДОНСА: “Біз Семейге жоғары деңгейлі ойын беру үшін оқимыз, үйренеміз және көп жұмыс жасаймыз”

Дави МЕНДОНСА: “Будем изучать, учиться и много работать, чтобы дать Семею высокий уровень”
KazFootball.kz. Дави Мендонса

Қазақстандық "Семей" командасының бас бапкері Дави Мендонса футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі топтық кезеңінің португалдық "Спортингке" қарсы матчынан кейін өз ойымен бөлісті.

"Жақсы ойын болды, мықты қарсылас. Менің командамның нәтижелілігіне өте қуаныштымын. Олар берілмейді. Біз бір түнде, бір күнде команда құра алмаймыз. Бұл біздің осындай турнирге алғашқы қатысуымыз. Біз "Семейге" жоғары деңгей беру үшін оқимыз, үйренеміз және көп жұмыс жасаймыз. Мен өз ойыншыларымды мақтан тұтамын, олар соңына дейін берілмеді", - деп келтіреді Мендонсаның сөздерін KazFootball.kz "Семей" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, "Семей" Чемпиондар лигасындағы дебюттік матчында "Спортингтен" 4:6 есебімен ұтылды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie