locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Марлон ВЕЛАСКО: “Тарихи тұрғыдан клуб трофей матчтарына қатысуға дағдыланған”

Марлон ВЕЛАСКО: “Тарихи тұрғыдан клуб трофей матчтарына қатысуға дағдыланған”
Марлон ВЕЛАСКО: “Тарихи тұрғыдан клуб трофей матчтарына қатысуға дағдыланған”

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Марлон Веласко "Семей" командасына қарсы 2024 жылғы Қазақстан Суперкубогы матчының қарсаңында өз ойымен бөлісті.

"Біз Астанада бұл атақ үшін күресуге қуаныштымыз. Тарихи тұрғыдан клуб трофей матчтарына қатысуға дағдыланған. Біз үшін әрқашан лигада да, кубокта да үздік болу керек. Қазіргі уақытта бәсекелестік өскенін түсінеміз. Өткен маусымда біз өз мақсаттарымызға жете алмадық. Осы маусымда көптеген командалар өз деңгейлерін көтеріп, инфрақұрылымдарын жақсартып, кәсіби деңгейге көтерілді. Көбісі бразилиялықтармен толықты. Клубтар жергілікті ойыншыларға теңестірілген ЕАЭО елдерінің ойыншыларын шақырады. Бұл тек чемпионат деңгейін жақсартады",-деп жазады Веласконың сөзін АФК баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" пен "Семей" арасындағы 2024 жылғы Қазақстан Суперкубогы үшін матч бүгін, 11 қазанда өтеді және Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie