locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Лео Жарагуа қатарға қайта оралды: Қазақстан құрамасының қорғаушысы Аргентинаға қарсы ойынға дайын

Лео Жарагуа қатарға қайта оралды: Қазақстан құрамасының қорғаушысы Аргентинаға қарсы ойынға дайын

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лео Жарагуа дисквалификациясы аяқталғаннан кейін алдағы матчқа белсенді дайындық жүргізуде. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан сапында өнер көрсететін бразилиялық футболшы Жаңа Зеландиямен өткен ойында қызыл қағаз алып, ойындардан шеттетілген болатын.

Қорғаушының жоқтығына қарамастан, Қазақстан құрамасы Португалияны жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді алдағы матчта Қазақстан Аргентинамен кездеседі.

Жартылай финал үшін күрес Ташкентте, 30 қыркүйек, дүйсенбі күні өтеді. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады.