locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Лео Игитаның мерейтойлы ойыны: Қазақстан құрамасындағы 100-ші ойын

Лео Игитаның мерейтойлы ойыны: Қазақстан құрамасындағы 100-ші ойын

Аргентинаға қарсы матч Қазақстан құрамасының қақпашысы және капитаны Лео Игита үшін мерейтойлық кездесу болды, өйткені бұл оның ұлттық құрама сапындағы 100-ші матчы болып тіркелді.

Лео Игита 2013 жылы Қазақстан азаматтығын алып, сол жылдың 4 наурызында Алматыда өткен Өзбекстанға қарсы матчта (4:3) құрама сапында алғаш рет ойын өткізді.

Өкінішке орай, 2024 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан Аргентинадан 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Турнир барысында Лео Игита 5 матч өткізіп, 9 гол жіберді және екі рет матчтың үздік ойыншысы атанды.