locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Лео ИГИТА: “Өмірде мұндай энергияны ешқашан сезінбедім”

Лео ИГИТА: “Өмірде мұндай энергияны ешқашан сезінбедім”

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Лео Игита Өзбекстанда өткен 2024 жылғы әлем чемпионатынан кейін жанкүйерлерге алғыс айтты.

"Рахмет, Қазақстан! Сіздің қолдауыңыз үшін алғыс білдіретін сөздер жоқ! Мен өмірімде мұндай энергияны ешқашан сезінген емеспін. Әлі алда тағы да матчтар бар және бүкіл Қазақстан біздің алтыншы ойыншы болатынына күмәнім жоқ!",- деп жазды Игита Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін жетіп, Аргентинаға есе жіберген болатын. Ал Игита ұлттық құрама сапындағы өзінің 100-ші матчын өткізді.