locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

КАКА: “Жалпы алғанда, мен нәтижеге емес, команданың осы үш аптада жақсы жұмыс істегеніне ризамын”

КАКА: “Жалпы алғанда, мен нәтижеге емес, команданың осы үш аптада жақсы жұмыс істегеніне ризамын”
КАКА: “Жалпы алғанда, мен нәтижеге емес, команданың осы үш аптада жақсы жұмыс істегеніне ризамын”

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Тәжікстан құрамасына қарсы өткізген жолдастық кездесулер туралы ойымен бөлісті.

"Бұл дайындықтың үшінші аптасының соңы. Әрине, осы үш өте ауыр аптада шаршау болды. Біз тәжіктерге емес, испандықтарға, әлем чемпионатының бірінші матчына дайындалып жатырмыз. Сондықтан, біз Тәжікстанға қарсы ойнаймыз деп жаттығуда ешқандай босаңсу болған жоқ. Біз Тәжікстанды құрметтейміз және бұл ойын екенін түсінеміз, бірақ жолдастық матчта ойнаймыз екен деп жаттығу процесін өзгерте алмаймыз. Ойыншылар ауыр тапсырмамен ойнады, мен олардың барлығын ойнатуға тырыстым. Әрине, бұл ойын динамикасын бұзады, бірақ мен жалпы нәтижеге емес, команданың осы үш аптадағы жақсы жұмысына ризамын. Енді біз кейбір футболшыларға алғыс айтып, оларды өз клубтарына жібереміз. Біз тек он төрт ойыншы мен төрт қақпашыны қалдырамыз. Бұдан кейінгі дайындықта құрам тағы да қысқарады – әлем чемпионатында ойнайтын он бір ойыншы мен үш қақпашы ғана қалады", – деді Кака. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесуде де Тәжікстан құрамасын 3:0 және 4:3 есебімен жеңген болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie