Кака: "Шынымды айтсам, мен мұндай сезімді бұрын басымнан өткермегенмін"
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 1/8 финалда Португалияны 2:1 есебімен жеңгеннен кейінгі эмоцияларымен бөлісті.
“Шынымды айтсам, мен мұндай сезімді бұрын басымнан өткермегенмін. Қазір не болып жатқанын әлі толық түсіне алмаймын. Бірақ біз әлі ештеңе жеңіп алған жоқпыз, тек бір кезеңнен өттік. Әрине, қуаныш болуы керек, бірақ бұл сәтті сабырмен қабылдап, келесі қарсыластарға дайындалуымыз қажет. Бұл жеңіс тек біздің команданың ғана емес, бүкіл қазақ халқының, сондай-ақ бауырлас өзбек ағайындардың жеңісі. Себебі біз мұнда өз үйіміздегідей ойнаудамыз”, – деді Кака Qazsport телеарнасына берген тікелей эфирдегі сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Португалияны 1/8 финалда 2:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін біз жеңіс голының авторы Дәурен Тұрсағұловтың сөздерін жариялаған болатынбыз.
Хоккей
Бүгін 04:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34
Формула-1
Бүгін 02:34