locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

КАКА: Әрқайсысын тыңдау және құлақ асу мүмкін емес”

КАКА: Әрқайсысын тыңдау және құлақ асу мүмкін емес”

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака Өзбекстанда өтетін 2024 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншыларды таңдауына түсініктеме берді.

"Менің ойымша, бұл 14 футболшы Қазақстандағы ең үздік, әрі мықты. Мұны шексіз талқылауға болады, бірақ бұл менің таңдауым және мен оған ғана жауап беремін. Әркімді тыңдап, құлақ асу мүмкін емес", – деп келтіреді Каканың сөзін Meta-rating.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын жексенбі, 15 қыркүйекте Испания құрамасына қарсы өткізеді.