locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Кака Еуро-2025 іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында жеңілгеннен кейін: Біз Қазақстан үшін күресеміз

Футзал 27 нау 2025 16:16
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Кака Еуро-2025 іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында жеңілгеннен кейін: Біз Қазақстан үшін күресеміз
ФОТО: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында Франция U-19 құрамасына (1:3) қарсы өткен ойын туралы пікірін айтты, деп хабарлайды ҚФФ.

«Менің ойымша, ойында үлкен басымдық болмады. Біз өте жанқиярлықпен ойнадық, бірақ тәжірибе жетіспеді және бірнеше қателіктер жібердік. Мұны ойыншылар да түсініп, көріп отыр. Бірақ бұл футболшылардың өсуі үшін өтуі керек процесс. Бүгінгі ойын олар үшін үлкен тәжірибе болды.

Іріктелуге математикалық мүмкіндік болғанша, біз шығу үшін күресеміз. Егер ол жоқ болса, біз Қазақстан үшін күресеміз. Жастардан жақсы футболшыларды шығару үшін ойнаймыз. Әлі мүмкіндіктер бар, ертең біз футзалдың әлемдік алыбы саналатын Португалиямен күш сынасамыз», - деді маман.

Футзалдан жастар арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің бірінші кезеңінде Қазақстан U-19 құрамасы Францияның U-19 құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұған дейін футзалдан Қазақстан жастар құрамасының 18 жастағы қақпашысы Әскер Наурызбаев жеңіліске ұшыраған соң әлеуметтік желіде пікірін білдірген болатын.

Қазақстандық жастары келесі кездесуін 28 наурызда Португалиядан келген құрдастарына қарсы өткізеді. Ойын Қазақстан уақытымен 23:55-те басталады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie