Кака: "Бүгін біздің құрамамыздың тарихындағы ең нашар ойындардың бірі болды"
Қазақстан құрамасының футзалдан бас бапкері Кака Аргентинадан ӘЧ-2024 турнирінде ойсырай жеңілістен кейін өз ойымен бөлісті.
"Менің ойымша, бүгін біз лайықты нәтижені алдық. Біз өз деңгейімізден әлдеқайда алыста болдық. Футзал осындай – кеше бәрі жақсы болса, бүгін осындай жағдай орын алады. Ойын барысында дұрыс сөз таба алмағаныма толықтай жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бүгін біздің құрамамыздың тарихындағы ең нашар ойындардың бірі болды. Бүгін біз жанкүйерлерімізге лайық болмадық. Әрі қарай жалғастырамыз, өмір мұнымен аяқталмайды. Біздің менталитетіміз бұл турнирді жеңуге дайын болмады", – деп бапкердің сөзін metaratings.kz келтіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатындағы өз өнерін Аргентинаға 1:6 есебімен жеңіліп аяқтады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52