Футзалдан ҚР чемпионаты: Ордабасы тең ойнады, Аят пен Жастар матчтарында голға толы кездесу өтті
12 қазан күні футзалдан Қазақстан чемпионатының 1-тур аясында үш матч өтті.
“Ордабасы” “Атыраумен” 2:2 есебімен тең ойнады. Бұл тең ойын екі командаға да қажетті нәтиже емес. Командалар турнир кестесінде 3-ші және 4-ші орындарды бөлісіп тұр.
“Аят” тартысты ойында Ақтаудың “Каспийін” 5:3 есебімен жеңіп, үш ұпай жинады және турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ал ақтаулықтар 11-ші, яғни соңғы орынға жайғасты.
Талдықорғандық “Жастар” да тартысты кездесуде “Бәйтеректі” 3:2 есебімен жеңіп, үш ұпаймен екінші орынға шықты. Ал “Бәйтерек” ұпайсыз 11-ші орынға орналасты.
“Атырау” – “Ордабасы” – 2:2 (2:1)
“Аят” – “Каспий” Ақтау – 5:3 (4:2)
“Жастар” – “Бәйтерек” – 3:2 (2:1)
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, Аргентинадан 1:6 есебімен ойсырай жеңілген болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52