locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Футзалдан Әлем Чемпионатының ширек финалында Қазақстанның кіммен ойнайтыны белгілі болды

Фото: КФФ

2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды. Турнир Өзбекстанда өтуде. Бұл кезеңде Рикардо Кака шәкірттері Аргентинамен кездеседі.

Бүгін, 27 қыркүйек күні, Аргентина 1/8 финалда Хорватияны 2:0 есебімен жеңді. Голдарды Алан Бранди (2-минутта) және Матиас Роса (24-минутта) соқты.

Қазақстан мен Аргентина арасындағы матч 30 қыркүйекте Ташкентте өтеді. 2024 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан мен Аргентина Алматыда жолдастық матч өткізіп, онда алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Аргентина құрамасы 2016 жылы Колумбияда өткен Әлем Чемпионатында жеңімпаз атанған.

¼ финалда кездесетін барлық жұптар:

29-қыркүйек: Бразилия - Марокко;

29-қыркүйек: Украина - Венесуэла;

30-қыркүйек: Франция - Парагвай;

30-қыркүйек: Казахстан - Аргентина.