Футзалдан Әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ливия қарсы ойынға баға берді
2024 жылғы Футзалдан Әлем чемпионатының D тобының 2-турында Қазақстан мен Ливия құрамалары кездесті. Қазақстан 4:1 есебімен жеңіске жетіп, ұлттық құраманың көшбасшысы Дуглас Жуниор матчтың нәтижесін түсіндірді.
"Испаниямен болған ойыннан кейін бұл жеңіс біз үшін өте маңызды болды. Жанкүйерлердің қолдауы күткендей болды. Көп адамның келетінін білгенбіз. Бұл өте қуанышты, өз үйімізде ойнап жатқандай әсер қалдырады", – деді Дуглас Жуниор.
Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан турнирдің алғашқы екі турында төрт ұпай жинады. 21 қыркүйекте қазақстандықтар топтық кезеңнің соңғы ойынын Жаңа Зеландия құрамасына қарсы өткізеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 17:30-ға жоспарланған.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49