Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде Қайрат пен Семей кездесуі мүмкін
31 қазанда сағат 15:00-де футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімі болады. Алғаш рет 2019/2020 маусымынан бері бұл турнирге екі қазақстандық клуб — АФК “Қайрат” пен “Семей” қатысады.
Элиталық кезеңде жеребе арқылы төрт топқа төрт командадан бөлінеді. Әр топта алдын ала кезеңнің топ жеңімпазы, екінші орынды иеленген команда, үшінші орындағы команда және В жолындағы топ жеңімпазы болады.
Алдын ала кезеңнің топ жеңімпаздары: АФК “Қайрат” (Қазақстан), “Картахена” (Испания), “Брага” (Португалия), “Пальма” (Испания).
Екінші орын алған командалар: “Рекорд” (Польша), “Олмиссум” (Хорватия), “Спортинг” (Португалия), “Юнайтед Галац” (Румыния).
Үшінші орын алған командалар: “Семей” (Қазақстан), “Андерлехт” (Бельгия), “Пльзень” (Чехия), “Динамо Загреб” (Хорватия).
В жолындағы топ жеңімпаздары: “Этуаль” (Франция), “Рига” (Латвия), “Лученец” (Словакия), “Катания” (Италия).
Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі 26 қарашадан 1 желтоқсанға дейін төрт қалада өтеді, турнир өткізу орындары кейінірек анықталады. Әр топтың жеңімпазы “Төрттік финалына” жолдама алады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52