locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Футзалдан Қазақстан құрамасының төрт ойыншысы 2024 жылғы Әлем чемпионатына бармайды

Футзалдан Қазақстан құрамасының төрт ойыншысы 2024 жылғы Әлем чемпионатына бармайды

Тәжікстан командасына қарсы матчтардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт ойыншысы өз клубтарына оралды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Ұлттық команданың жаттықтырушылар штабы Семен Тарасенко, Төрехан Досов және Нұрқанат Бақтияровты үйлеріне қайтарды. Ал Қайрат Иманалин өз еркімен босатуды сұраған.

Иран құрамасына қарсы жолдастық кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамыс тағы бір ойыншымен қоштасады. Ал қалғандары 15 қыркүйекте басталатын әлем чемпионатына дайындықты жалғастырады.