locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Футзалдан Қайрат клубының капитаны Біржан Оразов жарақатына байланысты ЧЛ ойындарына қатыса алмайды

ФОТО:  IG Orazov_17
Футзалдан Қайрат клубының капитаны Біржан Оразов жарақатына байланысты ЧЛ ойындарына қатыса алмайды

АФК “Қайрат” капитаны Біржан Оразов жарақатына байланысты футзалдан Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіндегі матчтарға қатыса алмайды. Бұған дейін Оразов жарақатына байланысты Қазақстан Суперкубогындағы “Семейге” қарсы матчқа қатыса алмады.

Еске салайық, Алматыда 22-25 қазан аралығында футзалдан Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңі өтеді. 4-топта АФК “Қайрат”, “Спортинг” (Португалия), “Халадаш” (Мажарстан) және МФК “Семей” командалары бақ сынайды.

Айта кетеік, Біржан Оразов 2017 жылдан бері “Қайрат” сапында өнер көрсетіп келеді. Оның мансабында талдықорғандық “Жетісу” және елордалық “Ұшқын-Искра” командалары да болған. Оразов – Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы.

Бұған дейін ҚФФ Какамен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартқанын еске саламыз.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie