locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионаты:Аргентина салқынқандылық танытып Хорватияны жеңді

Футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионаты:Аргентина салқынқандылық танытып Хорватияны жеңді

Жұма, 27 қыркүйекте, футзалдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина мен Хорватия құрамалары кездесті. Ойын 2:0 есебімен аргентиналықтардың сенімді жеңісімен аяқталды. Хорваттар ойын уақытының 56%-ын бақылауда ұстағанымен, Аргентинаның жақсы ұйымдастырылған командасына қарсы елеулі қауіп төндіре алмады.

Аргентина ӘЧ плей-офф кезеңіне C тобында Украина, Ангола және Ауғанстан құрамаларымен кездесіп, 1-орынмен шықты. Ал Хорватия В тобында Бразилия, Тайланд және Кубамен ойнап, 3-ші үздік орынмен шықты.

ӘЧ-2024. 1/8 финал

Аргентина - Хорватия - 2:0 (1:0)

Голдар: Бранди, 2 (1:0); Роса, 24 (2:0)

Айта кету керек, Аргентина 1/4 финалда Қазақстан құрамасымен 30 қыркүйекте кездеседі. Кездесу Астана уақытымен 20:00-де басталады.