locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионаты. Украина турнирдің қола жүлдегері атанды

Фото: официальный сайт FIFA

6 қыркүйек күні футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының үшінші орын үшін ойыны Франция мен Украина құрамалары арасында өтті. Бірінші тайм өте сақ ойынмен өтті. Жалғыз голды украиналық Игорь Чернявский соқты (1:0). Ал екінші жиырма минуттықта ойынның қарқыны артып, Франция бір гол соққанымен, украиналықтар оған алты голмен жауап берді. Нәтижесінде, Украина құрамасы 7:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионаты. 3-орын үшін матч

Украина - Франция - 7:1 (1:0)

Голдар: Чернявский, 11 (1:0); Зварыч, 22 (2:0); Саадауи, 23 (2:1); Жук, 27 (3:1); Жук, 28 (4:1); Абакшин, 30 (5:1); Абакшин, 30 (6:1); Абакшин, 33 (7:1)

Айта кетейік, бүгін, 6 қыркүйек күні, Өзбекстанда өтіп жатқан турнирдің финалы өтеді. Финалдық ойында Аргентина мен Бразилия құрамалары кездеседі, матчтың басталуы Қазақстан уақытымен 20:00-де.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 1/4 финалда Аргентинадан 1:6 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалған болатын.