locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФИФА-ның Қазақстан құрамасының ойыншысын шеттету туралы шешімі белгілі

Фото: КФФ

ФИФА Тәртіптік комитеті Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Дәурен Тұрсағұловты шеттету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Турсағұлов Испания құрамасына қарсы бірінші тур ойынында қызыл қағаз алғаны үшін футзалдан Әлем чемпионатының бір матчынан шеттетілді. Ойыншы кездесудің тоғызыншы минутында қызыл қағаз алған еді.

Осылайша, Тұрсағұлов 18 қыркүйекте өтетін Ливия құрамасына қарсы матчты өткізіп алады. Бұл ретте ойыншы 21 қыркүйекте өтетін Жаңа Зеландияға қарсы үшінші турдың жекпе-жегіне қатыса алады.

Естеріңізге сала кетейік, Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Испанияға қарсы матчта тең ойнады (1:1). Қазақстандық команда құрамындағы жалғыз голды кездесудің бірінші минутында Біржан Оразов соқты.