locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

ҚФФ Какамен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартты

Футзал 19 қаз 2024 02:35
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Фото: КФФ
ҚФФ Какамен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартты

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Какамен серіктестікті әрі қарай жалғастырады, деп хабардады әлеуметтік желіде.

Жаңа келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін созылады.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов:

- “Өзбекстанда өткен әлем чемпионаты біздің команданың кез келген қарсыласқа қабілетті екенін көрсетті. Турнирдегі сәтті өнерінің арқасында біздің команда әлемнің үздік бестігіне енді. Сондай-ақ, дүбірлі дода жастарымыздың әлеуеті зор екенін көрсетті. Бұл елімізде футзалдың дұрыс дамып келе жатқанын көрсетеді. Бас бапкер Пауло Рикардо Кака мырзаның қосқан үлесі зор. Алда Литва мен Латвияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі. Біздің міндет – Еуроның финалдық кезеңіне шығу. Кака бапкердің басшылығымен біздің жігіттер осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін салатынына күмәнім жоқ”.

Еске сала кетейік, Пауло Рикардо Кака Қазақстан құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді.

- “Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан футзал қауымдастығына қолдау көрсетіп, сенім артқаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстан құрамасы тек ең жоғары мақсатты алға қояды. Біз 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін бар күшімізді саламыз”,- деді Кака.

Оның жетекшілігімен біздің құрама 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші орын алды, бұл әлем чемпионаттарына қатысу тарихындағы ең үздік жетістік. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы алғаш рет УЕФА рейтингінде екінші, ФИФА рейтингінде бесінші орынға көтерілді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie