locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Екі футзал судьясы екі айға шеттетілді

Екі футзал судьясы екі айға шеттетілді
Екі футзал судьясы екі айға шеттетілді

Қазақстан футзалы ассоциациясы көкшетаулық арбитр Максим Карюкин мен тараздық Әзімжан Қошалиевті екі айға шеттеткенін хабарлады АФК-ның баспасөз қызметі.

Бұл шешім Қазақстан чемпионатының оныншы турындағы Алматының “Кайраты” мен “Атырау” командасы арасындағы матчтағы судьялардың қателігінен кейін қабылданды. Ойынның екінші таймында алматылықтардың қақпашысы Деннис Олег Кручининді шалып құлатып, ол гол соғу мүмкіндігінен айырылды. Судьялар бұл жағдайды кешіктірілген фол деп бағалап, Денниске ешқандай жаза қолданбады, ал ережеге сәйкес, оған қызыл қағаз көрсетуі тиіс еді. Көп ұзамай, “Кайраттың” қақпашысы гол соғып, алматылықтарға жеңіс сыйлады.

Осы қателік үшін Максим Карюкин мен Әзімжан Қошалиевті алдағы екі айда матчтарда жұмыс істей алмайды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie