Чемпионат көшбасшылары ұпай бойынша теңесті. Футзалдан Қазақстан чемпионатының 38-турының қорытындысы


27 сәуірде футзалдан Қазақстан чемпионатының 38-ші турының үш ойыны өтті.
Күннің алғашқы кездесуінде «Бәйтерек» «Ордабасыдан» есесін қайтарды. Негеба мен Рикардиньо екі голдан соғып, 5:1 есебімен оралдықтарға жеңіс әкелді.
«Жетісу» мен «Каспий» ойынында голдар жауылды. Командалар бірінші матчқа қарағанда екі голға көп соқты – бірден 12 доп салынды. Ойында 7:5 есебімен «Каспий» жеңіске жетті.
«Семей» бірінші ойыннан кейін жиналып, «Атырауды» 3:0 есебімен жеңді. Алғашқы минутта тынымсыз Дедезиньо есеп ашты – бразилиялықтың тұрақты чемпионатта соққан голдарының саны қазірдің өзінде 40-қа жетті. Смақов шәкірттері үш ұпай жинап, «Қайратпен» тең түсті. Бетпе-бет кездесулердің нәтижесінің арқасында семейліктер турнир кестесінде көш бастап тұр.
Футзалдан Қазақстан чемпионаты. 38-тур. 27 сәуір
«Каспий» - «Жетісу» - 7:5
Голдар: Ағаниязов, Автогол, Кенжеғали (дубль), Риси, Эвертон, Қарақулов - Келсон, Финео, Автогол (2), Аллеф.
«Бәйтерек» - «Ордабасы» - 5:1
Голдар: Негуеба (дубль), Рикардиньо (дубль), Да Силва - Байзақов.
«Семей» - «Атырау» - 3:0
Голдар: Дедезиньо, Абдуманапұлы, Родригиньо.

Футбол
Бүгін 01:42

Теннис
Кеше 23:15