Бразилия мен Хорватия құрамалары футзал мундиалында қарсыластарын ойсырата жеңді
20 қыркүйекте футзалдан Әлем чемпионатының В тобында Бразилия мен Хорватия құрамалары сенімді жеңіске жетті. Латын Америкалыққтар Таиландты 9:1 есебімен ойсырата жеңсе, еуропалықтар Кубаны 7:0 сан соқтырды.
Футзалдан Әлем чемпионаты. В тобы. Үшінші тур
Таиланд - Бразилия - 1:9
Голдар: Марсел, 5 (0:1), Валерио, 10 (0:2), Осаманмуса, 19 (1:2), Марсел, 29 (1:3), Пито, 23 (1:4), Марлон, 24 (1:5), Вонгкаео, 26 (автогол) (1:6), Пито, 31 (1:7), Марсел, 36 (1:8), Феррао, 37 (1:9).
Куба - Хорватия - 0:7
Голдар: Чекол, 2, Вукмир, 13, Перич, 23, Маринович, 25, Чекол, 27, Матая, 31, Перич, 31.
В тобынан плей-офф кезеңіне Бразилия 9 ұпаймен және Таиланд 6 ұпаймен шықты. Үшінші орын алған Хорватияның 3 ұпайы бар және құрама үздік үшінші орыннан шығу мүмкіндігіне ие.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35