Біржан Оразов - АФК Қайраттың жаңа капитаны
АФК “Қайрат” маусым алдындағы баспасөз конференциясын өткізіп, тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы маусымға жоспарларымен бөлісті.
Осы маусымда “Қайрат” өз алаңындағы матчтарын Алматыдағы SADU ARENA стадионында (1000 орындық) өткізеді. Плей-офф кезеңін команда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб командада қалады, бұрын оны “Астана” клубы өз құрамына қосқанын хабарлаған болатын.
Көпжылдық капитан Лео Игита кеткеннен кейін, команданың жаңа капитаны - Біржан Оразов, ал вице-капитан - Эдсон болып тағайындалды. Алдағы бірнеше ай ішінде “Қайраттың” әйелдер командасы құрылатын болады. Команданың үлкен амбициялары бар - Чемпиондар Лигасында жеңіске жету», - делінген команданың мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда “Қайрат” соңғы 21 жылда алғаш рет Қазақстан чемпионатының алтын медалін “Семейге” ұтылып, қолдан шығарып алды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52