locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бір тайм шыдады. Қазақстан ӘЧ-2024 ширек финалында Аргентинадан ойсырай жеңілді

Фото: FIFA

Футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Аргентина командасынан ойсырай жеңілді. Турнир Өзбекстанда өтуде.

Бірінші тайм тең аяқталды, бірақ екінші таймның екінші минутында Матиас Роса оңтүстік америкалықтарды алға шығарды. Кейінгі бес минут ішінде кезек-кезек Анхель Клаудино, Кевин Арриета және Себастьян Корсо гол соқты. Бірнеше минуттан кейін Дәурен Тұрсағұлов бір гол соғып, айырманы азайтты, алайда Лукас Боло жауапты голды тез қайтарды, ал екі минуттан кейін Арриета дубль жасады. Тұрсағұлов тек гол авторы атанбай, екінші ескерту алып, қызыл қағазбен алаңнан қуылды. Нәтижесінде матч 6:1 есебімен Аргентина құрамасының пайдасына аяқталды, олар жартылай финалда Франциямен кездеседі.

2024 жылғы Әлем чемпионаты, ширек финал

30 қыркүйек

Қазақстан - Аргентина - 1:6 (0:0)
Голдар: Тұрсағұлов, 34 - Роса, 22, Клаудино, 27, Арриета, 29, Корсо, 33, Боло, 34, Арриета, 36.
Алаңнан қуылды: Тұрсағұлов, 36.