"Басты артықшылық? Қаржы": сарапшы Қазақстанның U-19 футзалдан Еуро қабылдау мүмкіндігі жайлы
Сарапшы Славен Стоилов Қазақстанның 2025 жылы 19 жасқа дейінгі жастар арасында футзалдан Еуропа чемпионатын өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Ол жастар арасындағы Еуропа чемпионатын қабылдауға неше ел үміткер екендігі туралы сұраққа жауап берді:
"Қорытынды өтінімде 4 ел қалды. Олар: Италия, Литва, Қазақстан және Молдова. Қазақстанның басты артықшылығы қандай? Қаржы. УЕФА Қазақстанның бұл турнирге барлық бәсекелестерінен әлдеқайда көп қаражат салуға дайын екенін түсінеді (күлді). Қазір Италия дағдарыста, ал Литва мен Молдова бұл тұрғыда бәсекелесе алмайды”.
Сондай-ақ сарапшы турнирді өткізу құқығын кім алуы мүмкін деген сұраққа өз ойын айтты:
"Менің ойымша, УЕФА футзал танымалдығы төмен елдерде дамуды қолдауды жалғастырады, сондықтан Италияға беру ықтималдығы аз. Литвада жақында Әлем чемпионаты өтті, сондықтан олардың да мүмкіндігі төмен. Менің таңдауым Молдова немесе Қазақстанға түсіп отыр. Молдова футзалды шағын елдерге ілгерілету стратегиясының арқасында жеңуі мүмкін, дәл Армения күтпеген жерден Чемпиондар лигасының финалын осы жазда алғаны сияқты. Ал Қазақстанның артықшылығы – дамыған инфрақұрылым мен қаржылық мүмкіндіктер", – деп келтіреді Стоиловтың сөзін Meta-ratings.kz спорт-порталы.
Өткен жылы турнир Хорватияда өтті. Финалда Португалияның жастар құрамасы Испаниядан басым түсті.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52