locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық Оразов футзалдан Әлем чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соқты

Қазақстандық Оразов футзалдан Әлем чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соқты

Біржан Оразов Испанияға қарсы ойында матчтың бесінші секундында-ақ есеп ашты және бұл футзалдан ӘЧ тарихындағы ең жылдам гол болып тіркелді.

Бір қызығы, 2021 жылғы соңғы Әлем чемпионатында да ең жылдам голды Қазақстан құрамасы соқты – ол кезде Тайнан 23-секунд ішінде Литва қақпасына соққан болатын.

Ағымдағы чемпионатқа Тайнан мен Эдсон қатыспайды. ФИФА-да Тайнан мен Эдсонның азаматтығы жайлы құжаттарына емес, олардың Қазақстанда тұру мерзіміне қатысты сұрақтар туындауы мүмкін: ФИФА ережелеріне сәйкес, азаматтық алу үшін елде үздіксіз кемінде 5 жыл тұру қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте Қазақстан құрамасы турнирді Испанияға қарсы тең ойынмен бастады.