locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Қазақстан УЕФА футзал құрамаларының рейтингінде екінші орынға шықты

Фото: KazFootball.kz

Бүгін, 5 қазанда УЕФА футзалдан ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады.

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы екінші орында-оның 2699,121 ұпайы бар. Қазақстандықтардан тек 240 ұпайдан асатын Португалия құрамасы ғана озып тұр.

УЕФА рейтингінің алғашқы үштігін Испания аяқтайды, ол Қазақстаннан 65 ұпайға артта қалды. Алғашқы ондыққа Ресей, Украина, Франция, Хорватия, Финляндия, Нидерланды және Польша кірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға жетіп, Аргентина құрамасынан ұтылды.