locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстан саңыраулар арасындағы футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңіне алғаш рет қатысады

Қазақстан саңыраулар арасындағы футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңіне алғаш рет қатысады
ФОТО: Futsalkazakhstan

Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет саңыраулар арасындағы футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңіне жолдама алды.

Жарыс 14–27 маусым аралығында Италияның Монтесильвано қаласында өтеді. Біздің команда E тобында Бразилия, Болгария және Польша құрамаларымен бақ сынайды. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша алғашқы екі орынды иеленген және үздік төрт үшінші орын алған командалар 1/8 финалға өтеді.

Ұлттық құрама алғашқы оқу-жаттығу жиынын 12 мамырда Щучинск қаласында бастады. Жиынға негізгі құрамдағы 12 ойыншы мен жарақат болған жағдайда алмастыратын 2 ойыншы қатысуда. Екінші оқу-жаттығу жиыны 28 мамырда Шымкентте өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан U-21 командасы қатарынан екі рет әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Соңғы финал 2024 жылы Астанада өтіп, біздің жігіттер Иранға 3:3 (пенальти сериясы — 4:7) есебімен есе жіберген болатын.

19 мамырда АФК «Қайрат» Қазақстан құрамасының ойыншысы Эдсонға қатысты Португалияның «Бенфика» клубынан ресми ұсыныс алды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie