locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының универсалы Жаңа Зеландия құрамасына қарсы матчта ойнамайды

Қазақстан құрамасының универсалы Жаңа Зеландия құрамасына қарсы матчта ойнамайды

Футзалдан Қазақстан құрамасының универсалы Біржан Оразов 2024 жылғы Әлем чемпионатының матчында Жаңа Зеландия командасына қарсы ойнай алмайды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Хабарланғандай, Оразовта жарақат бар және ұлттық команданың жаттықтырушылар құрамы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін тәуекелге бармас үшін оған демалыс беруге шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатының алдыңғы матчында Қазақстан құрамасы Ливия құрамасын 4:1 есебімен жеңді, ал Бірржан Оразов голдардың бірін соқты.

Қазақстан мен Жаңа Зеландия құрамалары арасындағы матч ертең, 21 қыркүйекте өтеді және Астана уақыты бойынша сағат 17:30-да басталады.