locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Лео: біз Аргентинаға дайынбыз, бар күшімізді саламыз

Фото: KFF (Kazakhstan football federation)

Футзалдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лео Өзбекстанда өтіп жатқан 2024 жылғы Әлем чемпионатының ¼ финалында Аргентинамен матчқа дайындық туралы айтып берді

"Біз өте жақсы қарсыласқа қарсы ойнаймыз, олар өткен әлем чемпионатын 2-ші орында аяқтады және біз Аргентинаның қандай күші бар екенін білеміз. Бірақ біз де дайынбыз, бар күшімізді саламыз. Аргентиналықтар үлкен матчтарға үйреніп қалған, олармен мұқият ойнау керек. Біз оларды құрметтейміз, бірақ біз Португалия, Испанияға қарсы ойнаған Қазақстан сияқты ойнауымыз керек. Біз үшін соғыс болады", - дейді ҚФФ ойыншысы.

Естеріңізге сала кетейік, Аргентина - Қазақстан матчы 30 қыркүйекте, Қазақстан уақыты бойынша 20:00-де өтеді.

Аргентина – Қазақстан матчына болжам: 2024 жылғы 30 Қыркүйек