locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының көшбасшысы клубын ауыстырды: Қайрат ойыншыны сәтті сатты

Қазақстан құрамасының көшбасшысы клубын ауыстырды: Қайрат ойыншыны сәтті сатты

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Дуглас Жуниор алматылық «Қайраттан» кеткен соң жаңа клуб тапты. 35 жастағы ойыншы мансабын Сауд Арабиясының «Әл-Ула» клубында жалғастырады, клуб ойыншының трансферін ресми түрде жариялады.

Дуглас 11 маусым бойы «Қайраттың» жейдесінде өнер көрсетіп, намысын қорғады. Қорғаушы клуб сапында Чемпиондар лигасының жеңімпазы және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды. Дуглас - алматылық клубтан осы жылы кеткен екінші маңызды ойыншы. Бұған дейін командадан тағы бір аты аңызға айналған ойыншы Игита Семей сапына ауысты.

Дугластың келісімшартын саудиялық клуб сатып алды, бірақ трансфер сомасы әлі жарияланбады.