locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Аргентинаны сенімді түрде жеңді

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Аргентинаны сенімді түрде жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем Чемпионатының алдында өткен соңғы жолдастық матчта Аргентина құрамасын жеңді.

Бірінші таймда қазақстандықтар Дәурен Тұрсағұлов, Ақжол Дәрібай және Арнольд Кнаубтың дәл соққыларынан кейін 3:0 есебімен алға шықты. Үзілістен кейін Аргентина құрамасы екі гол соққанымен, Қазақстан 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, бір аптадан кейін, яғни 15 қыркүйек, жексенбі күні Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем Чемпионатындағы алғашқы жорығын Испанияға қарсы бастайды. Турнир Өзбекстанда өтеді.

Жолдастық матч

8 қыркүйек

Қазақстан – Аргентина – 3:2 (3:0)