locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан мен Ливия футзалдан 2024 жылғы Әлем кубогының екінші турының бастапқы құрамын анықтады

ФОТО: КФФ

18 Қыркүйек, сәрсенбіде Өзбекстанда 2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионатының екінші турының матчы өтеді. Қазақстан құрамасы Ливия құрамасымен кездеседі. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 17:30-да басталады.

Бірінші матчта (1:1) испандықтардан сенсациялық ұпай жинаған қазақстандық команда енді Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңген Ливияға қарсы шығады. Қазіргі уақытта Қазақстан бір ұпайға ие және топта екінші орын алады, ал үш ұпаймен Ливия бірінші орында.

Бастапқы бестік:

Қазақстан:

Қақпашы: Игита
Алаңдағы ойыншылар: Кнауб, Оразов, Лео, Дуглас

Ливия:

Қақпашы: Бухшим
Алаңдағы ойыншылар: Альгуль, Ахмед, Лемхаммел, Шошан.