locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан мен Иран 2024 жылғы Әлем Чемпионатына дайындықтың екінші кездесуінде тең түсті

Қазақстан мен Иран 2024 жылғы Әлем Чемпионатына дайындықтың екінші кездесуінде тең түсті

Қазақстан мен Иран құрамалары арасындағы 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатына дайындық аясында өткен екінші жолдастық кездесу тең нәтижемен аяқталды .

Иран құрамасы бірінші болып есеп ашты, бірақ Қазақстан құрамасы сапынан Біржан Оразов гол соғып матчтың шешуші нүктесін қойды - 1:1.

8 қыркүйек күні Алматыда Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Әлем чемпионаты алдындағы соңғы жолдастық кездесуі өтеді. 2016 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі Аргентина құрамасы Қазақстанның қарсыласы атанады.

Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны 10 қыркүйекте аяқталады. 15 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтетін 2024 жылғы Әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Испанияға қарсы өткізеді. Қазақстан т обында топта сондай-ақ Ливия мен Жаңа Зеландия командалары өнер көрсетеді.