locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайраттың бұрынғы ойыншысы клубтың спорттық директоры атанды

Қайраттың бұрынғы ойыншысы клубтың спорттық директоры атанды

Футзалдан алматылық “Қайрат” клубының бұрынғы қақпашысы Густаво Парадеда клубтың жаңа спорттық директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Парадеда бұл лауазымға Сергей Коридзенінің орнына келді, ал Сергей техникалық директор қызметіне ауысты.

Густаво Парадеда “Қайрат” сапында 2004 жылдан 2009 жылға дейін ойнады. Алматылық клуб құрамында ол бес мәрте Қазақстан чемпионы, Кубок иегері және үш рет УЕФА Кубогының қола жүлдегері атанды. 2013 жылы Парадеда беделді Futsal Planet басылымының нұсқасы бойынша әлемнің үздік қақпашысы атағын алды.

Бұған дейін “Қайраттың” көпжылдық көшбасшысы Дуглас Луис Сауд Арабиясының “Әл-Ула” клубының ойыншысы атанғанын хабарлаған болатынбыз