Қайрат және Семей чемпиондар лигасындағы қарсыластарын анықтады
Қазақстанның футзал клубтары "Қайрат" және "Семей" чемпиондар лигасында бір топтық кезеңге түсіп қалды.
Чемпиондар лигасының басты кезеңінде "Семей" және "Қайрат" Қазақстанның намысын қорғайды. Қос клуб негізгі кезеңнің 4-ші тобында өнер көрсетеді. Келесі кезеңге шығуға "Халадаш" және "Спортингте" таласады.
Командалар 22-25 қазанда турнирдің бірінші айналымын өткізеді. Чемпиондар лигасының "элиталық" кезеңіне топтан тек үш клуб шығады. Яғни, келесі кезеңге тек бір қазақстандық клуб шығуы мүмкін.
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі, 4-ші топ
22 қазан
МФК "Семей" - МФК "Спортинг"
АФК "Қайрат" - МФК "Халадаш"
23 қазан
МФК "Халадаш" - МФК "Спортинг"
АФК "Қайрат" - МФК "Семей"
25 қазан
МФК "Семей" - МФК "Халадаш"
АФК "Қайрат" - МФК "Спортинг"
"Семей" өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанып, "Қайраттың" көп жылға созылған сәттілігін тоқтатты. Чемпиондар лигасының алдында клуб бірнеше ойыншымен күшейді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52