«Қайрат футзал» әйелдер командасы алғаш Қазақстан чемпионы атанды
Футзал
15 мам 2025
09:51

Әлім Динасылов
Редактор

ФОТО: АФК «Кайрат»
«Қайрат футзал» командасы әйелдер арасындағы алғашқы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.
Алматылық клуб турнирді жеңіліссіз аяқтады – сегіз кездесудің жетеуінде жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті. Маусымның соңғы матчында «Қайрат» «Ақтөбені» 7:0 есебімен жеңді. Команда сондай-ақ Шымкент, Павлодар және Петропавл қалаларынан келген қарсыластарын да ұтты.
2025/26 маусымынан бастап УЕФА футзалдан әйелдер арасындағы клубтық Чемпиондар лигасының жаңа форматын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл қадам аталған спорт түрінің дамуына серпін береді деп күтілуде.
Танымал жаңалықтар


Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек