«Қайрат» Атырауда жеңісті жұлып алып, футзалдан Қазақстан чемпионатының финалына шықты


2024/25 жылғы маусымның жартылай финалындағы төртінші кездесу 14 маусым күні Атырауда өтті. Жергілікті жанкүйерлердің ыстық қолдауына қарамастан, алаң иелері тартысты ойында жеңісті уыстан шығарып алды. Қонақтар матчтың соңына таман шешуші гол соғып, серияда 3:1 есебімен жеңіске жетіп, финал жолдамасын қанжығалады.
Кездесу аса қарқынды басталды – ойынның небәрі 2-минутында Оразов есеп ашты. Бірақ араға бір минут салып, «Қайрат» өз қақпасына гол жіберіп алды. Екінші таймда екі команда да ұтымды сәттерді іздеді. Жеңіс голы 35-минутта Рашиттің еншісіне жазылды.
Футзалдан Қазақстан чемпионаты. Плей-офф кезеңі. Жартылай финал. 4-матч
«Атырау» – «Қайрат» – 1:2 (1:1)
Голдар: Оразов – автогол 3, Рашит 35
Бұл жартылай финалдық серия драматизм мен сенсацияға толы болды. Алғашқы матчта «Атырау» көпшілік күтпеген нәтижеге қол жеткізіп, «Қайратты» 3:1 есебімен жеңіп кеткен еді. Алайда алматылықтар тез ес жия білді: өз алаңында 6:0 есебімен тас-талқан етті, үшінші ойында қосымша уақытта 5:2 есебімен басым түсіп, төртінші кездесуде де мінез танытып, жеңісті жұлып алды – 2:1.
Осылайша, «Қайрат» финалға шыққан екінші команда атанды және алтын медаль үшін күресін жалғастырады. Ал «Атырау» маусымды үшінші орын үшін болатын матчпен аяқтайды. Дегенмен, бұл серия клуб тарихында есте қаларлық сәттердің бірі болды – плей-офф кезеңінде алғаш рет «Қайратты» жеңу команда үшін үлкен жетістік.